Ақтөбе облысында жағдайы өте төмен 30 мыңға жуық адам бар - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында жағдайы өте төмен 30 мыңға жуық адам бар

Ақтөбе облысында жағдайы өте төмен 30 мыңға жуық адам бар

Ақтөбе облысында отбасыдағы жан басына шаққандағы табысы 14 мың теңгеге жетпейтін 30 мыңға жуық адам тұрады.

  • 14 Желтоқсан 2017
  • 164
Фото - Caravan.kz

Келесі жылдан бастап әлеуметтік көмек жаңа форматта көрсетіледі. 2018 жылы қазіргі қолданыстағы үш әлеуметтік жәрдемақы бір арнаға тоғыстырылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

· Көпбалалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
· Аз қамтылған отбасыларға берілетін он сегіз жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысы;
· Аз қамтылған отбасыларға берілетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.

Аталған көмектер жаңаша форматта берілетін болады.

«Атаулы әлеуметтік көмек екіге бөлінеді. Шартсыз және шартты көмек. Шартсыз көмек еңбекке қабілеті жоқ отбасыларға ақшалай түрде беріледі. Шартты көмекте еңбекке жарамды отбасы мүшесін жұмысқа орналастырамыз немесе мемлекеттік бағдарламамен жеке ісін ашады. Олар шағын несиелер алуы мүмкін», — дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров.

Бұдан былай еңбекке жарамды ақтөбелік мемлекет ұсынған жұмыстан бас тартса, онда оған мемлекеттік көмек көрсетілмейді.


Бөлім басшысы Гүлім Сексенбаеваның сөзінше, кейбір адамдар «өз-өзімізді қамтып отырмыз» деп жұмыспен қамту орталығының ұсыныстарынан бас тартып жатыр. Бірақ олардың отбасыларындағы жан басына шаққандағы табыс 14 мыңнан аз болған соң, мемлекеттен жәрдемақы алып отыр.

«Облыста тұтыну кәрзеңкесінен төмен деңгейде тұратын отбасылар 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алады. Олардың отбасыларындағы жан басына шаққандағы бір айлық табысы 14 мыңға жетпейді 18 065 бала жәрдемақы алады. Облыста тұтыну кәрзеңкесінен төмен деңгейде тұратын 29 мыңға жуық адам бар», — деді Гүлім Сексенбаева.

Соңғы жаңалықтар