Ақтөбе облысында жолаушылар көлігі қатаң тексеріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында жолаушылар көлігі қатаң тексеріліп жатыр

Ақтөбе облысында жолаушылар көлігі қатаң тексеріліп жатыр

Жүргізушілер уақытылы демалып, жұмыс тәртібін бұзбауы тиіс.

  • 1 Ақпан 2018
  • 283
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе облысында орын алған қайғылы жағдайдан кейін тәртіп сақшылары жолаушылар көлігін жіті қадағалауға көшті, деп хабарлайды Хабар 24.

Құжаттардан бөлек автобустардың техникалық жағдайы да тексеріледі. Жүргізушілер уақытылы демалып, жұмыс тәртібін бұзбауы тиіс.

– Қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан заңбұзушылыққа жол бергендер аз емес. Тек Ақтөбе облысының өзінде соңғы 1 апта ішінде 400-ден астам әкімшілік хаттама толтырылған. Біз дәл қазір айыппұл тұрағындамыз, — деді тілші Мансұр Есқожин.

Әкімшілік жауапқа тартылғандардың арасында жүргізушілік куәлігінен айырылған азаматтар да бар. Мәселен, Ресейдің Краснодар қаласынан Шымкентке бет алған жолаушылар көлігінің жүргізушісі осыдан үш жыл бұрын мас күйінде көлік жүгізіп қолға түскен екен. Жүргізушілік куәлігінің жоқтығына қарамастан, автобус жүргізіп, жолаушылар тасымалымен айналысқан.

– Негізінен автобус жүргізушілері жылдамдықты асырып немесе жол бойында ұялы телефонмен сөйлеседі. Ал халықаралық немесе қалааралық бағыттағы автобустардың тахографтары істен шыққан, — деді облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы Айдос Құлжанов.


Айта кету керек, еліміздің барлық аймағында қаңтардың 22 жұлдызынан «Автобус» жедел алдын алу шарасы өтуде. Тәртіп сақшылары ақпан айының 18-не дейін жолаушылар көлігін қатаң бақылауға алады. Әзірге Ақтөбе облысында жол бойында қалған автобус жоқ. Егер оқыс оқиға бола қалса, жолаушыларды қабылдайтын жылыту пункттері даярланған.

Соңғы жаңалықтар