Ақтөбе облысында жолаушылары болған автобус аударылып төрт адам жарақаттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында жолаушылары болған автобус аударылып төрт адам жарақаттанды

Ақтөбе облысында жолаушылары болған автобус аударылып төрт адам жарақаттанды

Астана. 18 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысының Хромтау ауданында 40 жолаушысы болған автобус аударылып, төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 18 Сәуiр 2008
  • 444
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпараты бойынша Самара-Шымкент тас жолының 914 шақырымында 17 сәуірде 03 сағатта 20 минутта 40 жолаушысы болған «Неоплан» рейстік автобусы аударылды. Жол көлік апаты салдарынан төрт адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті