Жарияланды: 70

Ақтөбе облысында жүк көлігінен ер адамның мәйіті табылды

Ақтөбе облысында жүк көлігінен ер адамның мәйіті табылды

Ақтөбе облысындағы тасжол бойынан оқ тию салдарынан қайтыс болған ер адамның денесі табылды.

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«19 сәуір күні Ақтөбе-Орынбор бағытындағы жолдың 35 шақырымдық жерінде «КамАЗ» көлігінің ішінен 1966 жылы туған жүргізушінің денесі табылды. Оның денесінде оқ ату салдарынан көз жұмғанын білдіретін белгілер болған», - делінген облыстық ІІД баспасөз хабарламасында.

Бұл жағдайға қатысты ҚР ҚК-ның 99-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу амалдарына кедергі келтірмеу мақсатында басқа ақпарат жарияланған жоқ.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін