Ақтүтек кесірінен республикалық маңызы бар Ақтөбе-Орск мен Самара-Шымкент жолдарында қатынас тоқтады. Қазір арнайы қызметтер құтқару жұмыстарына кірісті. Бір түнде ғана олар 46 адамды қар құрсауынан алып шығыпты. Ал Мұғалжар ауданында ішінде жүкті әйелі бар жедел жәрдем көлігі омбылап тұрып қалып, әрең дегенде орнынан қозғалған. Облыс орталығының өзінде қазір күшті дауыл соғып тұр. Екпінді жел тіпті көшедегі билбордтардың өзін жұлып әкетуде. Синоптиктер, мұндай құбылмалы күн райы екі-үш күнсіз басылмайды деп болжап отыр.