Ақтөбе облысындағы Ан-2 ұшағының апатынан зардап шеккен 12 адамның алтауы ауруханадан шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысындағы Ан-2 ұшағының апатынан зардап шеккен 12 адамның алтауы ауруханадан шықты

Ақтөбе облысындағы Ан-2 ұшағының апатынан зардап шеккен 12 адамның алтауы ауруханадан шықты

Ақтөбе облысындағы Ан-2 ұшағының апатынан зардап шеккен 12 адамның алтауы ауруханадан шықты. Бұл туралы бүгін, 20-мамырда облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Ізбасқан Аймағанбетов KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 20 Мамыр 2004
  • 489
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Алматы, Қостанай және Қызылордалық тұрғындар ауруханадан шығарылған. Олардың екеуі — әйелдер. Тағы бір зардап шегуші қазір Шалқар аудандық ауруханасында емделіп жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалауда.

Ұшақ апатынан жараланған тағы бес адам облыстық жедел ауруханасында емделіп жатыр. Әл үстінде жатқан республикалық обаға қарсы күрес орталығының 52 жастағы қызметкерінің ахуалы дәрігерлердің алаңдаушылығын тудырып отыр. Жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің айтуынша, екі жерден омыртқасы сынған науқастың қол-аяғын қимылдаудан қалған. Сондай-ақ, оның бірнеше қабырғасы сынып, өкпесі жарылып кеткен.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ұшақ апаты сейсенбі күні болды. Ұшу алаңынан көтеріле берген Ан-2 ұшағы бірнеше секунд өтпей 50 метр биіктіктен құлап түскен. Ұшақта экипаждың екі мүшесін қосқанда барлығы 12 адам болған. Бұл ұшақпен Республикалық обаға қарсы күрес институтының қызметкерлері Арал теңізіндегі Возрождение аралына бет алған болатын.

Соңғы жаңалықтар