Ақтөбе облысындағы дала өрті құрбандары 4 адамға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысындағы дала өрті құрбандары 4 адамға жетті

Ақтөбе облысындағы дала өрті құрбандары 4 адамға жетті

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына қарасты Сұлукөл ауылына жақын маңдағы дала өртінен зардап шеккен екі адам 6 қыркүйек күні Комсомол селосындағы ауруханада қайтыс болды. Әйтеке би аудандық денсаулық сақтау бөлімінің хабарлауынша, осылайша Сұлукөл ауылындағы дала өртін сөндіру кезінде қаза тапқандар саны төрт адамға жетті.

  • 7 Қыркүйек 2017
  • 503
Фото - Caravan.kz

Аудандық ауруханаға аса ауыр жағдайда түскен 1969 жылғы тракторшы мен 1979 жылы туған ауыл мектебінің жұмысшысы 6 тамыз күні түстен кейін жан тапсырған. "Екі науқасты облыс орталығына әкету үшін Ақтөбеден санавиация келіп жатқан болатын. Екеуі де сол кезде қайтыс болды" дейді аты-жөнін атамауды сұраған дәрігер.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына қарағанда, өрт 4 қыркүйекте болған. Өрт сөндіру кезінде төрт адам зардап шегіп, оның бірі — ауданның 41 жастағы тұрғыны оқиға орнында қаза тапқан. Оның мәйіті өрт сөндірілгеннен кейін табылған.

Денесін түрлі дәрежеде күйік шалған үш ер адам ауруханаға түскен. Олардың бірі – ауыл мектебінің 39 жастағы мұғалімі 5 қыркүйекте көз жұмған.


Облыс әкімдігінің хабарлауынша, өрт болған жерде қаза тапқан 41 жастағы тұрғын — селолық округ әкімі Батырбек Бірлепесов. Ауруханада көз жұмған 39 жастағы азамат — Сұлукөл ауылындағы мектеп мұғалімі Жолдыбек Әбдісаламов.

Қазір оқиға бойынша сараптама тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 292-бабының 2-бөлімімен ("Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу") соталды тергеу басталған.

Соңғы жаңалықтар