Ақтөбе облысындағы үш малшының өлімі туралы жаңа деректер анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысындағы үш малшының өлімі туралы жаңа деректер анықталды

Ақпан айының 12-сінен 13-іне қараған түні оқ жарақатын алған үш ер адамның денесі табылған

 Ақтөбе облысы ішкі істер департаменті өрісте қаза тапқан үш ер адамның өлімі туралы істің жаңа деректерін жариялады. Ресми мәліметке сүйенсек, Ақтөбе облысы Байғанин ауданында ақпан айының 12-сінен 13-іне қараған түні белгісіз жағдайда үш малшыны өлтіріп кеткен. Малшылардың туған-туыстарының айтуынша, сол күндері шаруашылықтағы сынып қалған техниканы жөндеу үшін Ақтөбеден ер адам келген екен. Оны шаруа қожалығының иелері жалдапты. Сол адам мен малшылар арасында кикілжің болуы мүмкін деген болжам бар. "Ішкі істер органдары Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округы шаруашылық иесін оқ ататын қаруды дұрыс сақтамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады. Биыл ақпан айында осы шаруашылық өрісінен оқ жарақатын алған үш малшының денесі табылған", — деп хабарлайды ІІД. Кісі өлтірді деген күдікпен 42 жастағы ер адам бірнеше тәулік ішінде ұсталды. Сот алды тергеу ісі жалғасуда.

  • 28 Наурыз 2017
  • 925
Фото - Caravan.kz

Соңғы жаңалықтар