Жарияланды: 520

Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапқан

Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапқан

Мәртөк ауылының маңында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысқан. Қатты соққыдан екі машинаның да сау-тамтығы қалмапты. Ішіндегі жолаушыларды күре жолдың бойына тоқтаған басқа жүргізушілер шығарып алды.

Ладаны тізгіндеген жігіт оқиға орнында тіл тартпай кеткен екен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Ал жарақат алған 6 адам, оның ішінде 8 жасар қыз бар, қазір облыстық ауруханада жатыр. Жағдайлары тым ауыр дейді дәрігерлер.

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде осы жол апатының видеосы тараған болатын.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін