«Қазіргі уақытта біз өздерінің бұрынғы күйеулерінен алимент ала алмай жүргендер үшін «сенім телефоны» ұйымдастырылды», — деп атап көрсетті Ж. Омарова. «Сонымен қатар, төрт мобильді топ құрылды. Жедел әрекет ету үшін біз оларды көлікпен қамтамасыз еттік».
Бөлім басшысының айтуынша, 1 мамырға дейін сот орындаушылары өздерінің барлық күш-жігерлерін алимент төлеушілердің өздерінің балаларына қарызын өтеу бойынша сот үкімін орындауға жұмсайтын болады. Осыған байланысты алимент төлеушілер жұмыс істейтін ұйымдардың барлығының бухгалтериясы тексерілмек.
Ақтөбе облысының сот әкімшілігінің мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта Ақтөбе облысында өз балаларына барлығы 10 млн теңгеден астам сомаға қарыз болған 5 мыңнан кем емес адам бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті