Ақтөбе облысының тұрғыны туған әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысының тұрғыны туған әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Ақтөбе облысының тұрғыны туған әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Ақтөбе облысының тұрғыны туған әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.

  • 29 Шiлде 2019
  • 33
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Spuntik Қазақстан хабарлайды.

27 шілдеде Алғын ауданы Тікқайың ауылында ер адамның мәйіті өз үйінің ауласынан табылды. Сот медициналық сараптама нәтижесінде ауыл тұрғынының "механикалық асфиксия" салдарынан көз жұмғаны анықталған.

Учаскелік полиция инспекторы кісі өлтірді деген күдікпен марқұмның туған ұлын ұстады. Жанжал кезінде ашуға булыққан жігіт әкесін арқанмен буындырып өлтірген көрінеді.

Тәртіп сақшылары хабарлағандай, ҚР ҚК 99-бабы бойынша (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдіктінің қылмысы дәлелденген жағдайда сегіз жылдан он бес жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Ұсталған адам қылмысын мойындап, қазір уақытша ұстау абақтысында отыр.