Ақтөбе қаласы әкімдігінен белгісіз адамның мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе қаласы әкімдігінен белгісіз адамның мәйіті табылды

Ақтөбе қаласы әкімдігінен белгісіз адамның мәйіті табылды

8 қаңтар күні Ақтөбенің Ахтанов көшесіндегі қалалық әкімдік ғимаратынан "оқ тиіп, мерт болған" азаматтың мәйіті табылды.

  • 9 Қаңтар 2018
  • 122
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Қайғылы жағдай жұмыс уақыты аяқталған соң кешкі сағат 19.00 шамасында анықталған. Кейбір деректерге қарағанда, қаза тапқан азамат «Күзет» қызметкері болуы мүмкін.

Ақтөбе қалалық әкімдігіндегі аппарат басшысы Нұрлан Күнтуовтың сөзіне қарағанда, қазаның аппарат қызметкерлеріне қатысы жоқ, әкімдік қызметкерлерінің барлығы аман. Күнтуов басқа ақпарат бере алмайтынын айтты.

Ақтөбе қалалық әкімдігі ғимаратындағы оқиғаны облыстық прокуратураның аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаев та жоққа шығармады.


«Қаза болған азаматтың кім екенін, қандай жағдайда мерт болғанын әзірше айта алмаймын», — деді Дәулембаев.

Ал Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі оқиғаның жай-жапсарына орай брифинг өткізетіндерін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар