Ақтөбе қаласына 145 жыл толды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе қаласына 145 жыл толды

Ақтөбе қаласына 145 жыл толды

Бүгін Ақтөбе қаласына 145 жыл толды. Қала күніне арналған көптеген мәдени шаралар білім ошақтарында, мұражайлар мен кітапханаларда өтті.

  • 28 Мамыр 2014
  • 453
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ «Ақ желкен» аулалық клубтың, техникалық шығармашылық орталығының және көркемдік лицей оқушылары жұмыстарының көрмесі ашылды.   Сағат 12-ден бастап кешке дейін Бірінші Президент атындағы саябақта, А.Пушкин атындағы саябақта ақтөбеліктерді қызықты мерекелік бағдарлама күтіп тұр.

1869 жылы 28 мамырда Ілек өзенінің маңындағы төбешіктерде «Ақ Төбе» әскери бекінісі салынды.  Кеңес заманында қала Актюбинск деп аталған, тәуелсіздік алған соң бұрынғы атауы қайтарылып, Ақтөбе аталып кетті.

Қаланың түрлі аудандары өзінің тарихи атауын сақтап қалды. Мәселен,  орталық колхоз базарының маңындағы аудан Татарка деп аталады. Өйткені мұнда бұрын татар көпестері тұрған.   Мәскеу атты ауданда — Мәскеуден қоныс аударған адамдар тұрған.  Жилгородок ауданы жеке қалашық болған. Онда Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмысшылары тұрған. Енді ол — өзіндік сәулетімен ерекшеленетін қаланың көрікті жерлерінің бірі. 

Бүгінде Ақтөбе — 400 мыңдық тұрғыны бар тез дамып келе жатқан қала.


Болашақта миллион тұрғыны бар мекенге айналдыру көзделген. Агломерация құрамына қала маңындағы 30-ға жуық елді мекен енеді.