Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды

Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды

Ақтөбенің әкімі болып бұған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Мавр Абдуллин келді.

  • 24 Маусым 2019
  • 17
Фото - Caravan.kz

Ілияс Испановтың жаңа қызметке ауысуына байланысты қалалық мәслихатқа Мавр Абдуллиннің кандидатурасы ұсынылды. Депутаттар қолдаған жаңа әкім қала активіне таныстырылды әрі оған міндеттер жүктелді.

"Мавр Ерғалиұлының мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар. Ойыл ауданының әкімі қызметінен кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары болды. Алдағы уақытта қаланы одан әрі дамыту қажет. Үлкен қала болғасын проблемалары да көп. Көпбалалы аналардың тұрғын үй мәселесі, инфрақұрылымды жақсарту және Президенттің тапсырмасымен өзен жағасын кеңейту жұмысы да бар", — деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин. Үш жыл әкім болған Ілияс Испанов өз алғысын айтты.

"Үш жыл уақыт тез өтіп кетті. Оңай болған жоқ. Мен де көп нәрсе үйрендім. Елбасы Ақтөбені құтты мекен деп атады. Мұнда мен де тәжірибе жинадым. Кейбір нәрселер бітпей қалды, бірақ аяқталады деп ойлаймын. Жаңа басшыға табыс тілеймін", — деді Ілияс Испанов.

Жаңа әкім ақтөбеліктер үшін жақсы таныс. Аудандар мен ацыл шаруашылығы саласында еңбек еткен Мавр Абдуллин жұмысты әрі қарай жалғастыруға уәде берді.


 
"Қай азамат болса да өзі қызмет жасаған жерінде із қалдырғысы келеді. Ақтөбенің өсіп-өркендеуіне жұмыс істейміз", — деді Мавр Абдуллин. 
Соңғы жаңалықтар