Ақтөбе қаласында нашақорлар ұясын ұстағаны үшін зейнеткер тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе қаласында нашақорлар ұясын ұстағаны үшін зейнеткер тұтқындалды

Ақтөбе қаласында нашақорлар ұясын ұстағаны үшін зейнеткер тұтқындалды

Ақтөбе. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде ұзақ уақыт бойы нашақорлар ұясын ұстап келген 68 жастағы зейнеткер тұтқындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ақтөбе облысының ІІД сілтеме жасай отырып.

  • 16 Сәуiр 2008
  • 468
Фото - Caravan.kz

«Ол «сенім» жәшігінің арқасында тұтқындалды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінің инспекторы Ерболат Сарқұлов.

Оның айтуынша, «Есірткі қорғаны» акциясын өткізу кезінде қаланың көп қабатты тұрғын үйлерінің бірінде қартаң әйел осымен бірнеше жыл өз үйінде нашақорларды қабылдап келе жатқаны белгілі болған.

«Зейнеткер әйел өз пәтерінің бір бөлмесін үнемі нашақорларға өздерінің кезекті «дозасын» қабылдау үшін беріп келген», — деді Е. Сарқұлов.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, өз қызметі үшін кейуана ылғи 250 теңгеден алып отырған. Тексеру барысында оның пәтерінен көптеген пайдаланылған шприцтер табылды.

Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда, күдіктінің жас мөлшері мен денсаулық жағдайын ойластыра отырып уақытша тергеу изоляторына қамаудың орнына ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті