Жарияланды: 640

Ақтөбе түрмесінен қашып кеткен қылмыскер Маңғыстау облысында қолға түсті

Ақтөбедегі қатаң тәртіпті 168/5 түрмесінен 2003-жылдың 21-маусымында қашып кеткен қылмыскер Маңғыстау облысында қолға түсті. Бұл туралы Қылмыстық түзету жүйесі Ақтөбе облыстық басқармасынан KZ-today тілшісіне хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 23 жастағы абақты тұтқыны түрме аумағынан тысқары жердегі құрылыс нысанында жұмыс істеп жүрген жерінен қашып кеткен болатын. Кісі өлімі мен бірнеше тонаушылық әрекеттері үшін жазаланған қылмыскер 15-шілдеде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында көңілдесінің пәтерінен ұсталды. Тінту нәтижесінде одан пышақ тәркіленді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін