Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында дала өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында дала өртенді

Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында дала өртенді

Астана. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында дала өртенді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ТЖМ-іне сілтеме жасап.

  • 10 Қазан 2007
  • 445
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, Ақтөбе облысында Дон ауылдық округі мен Жамбыл ауылдары арасында 9 қазанда 18 сағат 40 минутта 900 га аумақта дала өртенді. «Өрт 23 сағат 43 минутта сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ-нің 7 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысының Семеновский ауылдық округінде 9 қазанда 16 сағат 40 минутта 1000 га аумақта өрт шықты. Өрт 9 қазан күні 21 сағатта сөндірілді. «Өртті сөндіруге 17 адам мен 6 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 7 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды», — деп хабарлайды мекеме.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті