Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарындағы өрттер сөндірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарындағы өрттер сөндірілді

Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарындағы өрттер сөндірілді

Астана. 11 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарындағы өрттер сөндірілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 11 Қазан 2007
  • 397
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, Ақтөбе облысында 10 қазанда 15 сағат 50 минутта 300 гектар аумақта өрт шықты.

Өрт сол күні 21 сағатта сөндірілді. «Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ал Шығыс Қазақстан облысында 9 қазанда 16 сағат 40 минутта 1000 гектар аумақта далалық өрт шықты.

Өрт 10 қазанда 08 сағат 30 минутта сөндірілді. «Өртті сөндіруге 17 адам мен 6 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 7 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды», — деп хабарлайды мекеме.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті