Мекеменің баспасөз хатшысы Алмат Иманғалиевтің айтуынша, Ақтөбе қаласының көтерме базарына көкөніс пен жеміс-жидек тасымалдаумен айналысып жүрген Қостанай қаласының 48-жасар жүргізушісі құқық қорғау органдарына шағымданған. Оның айтуынша, бірнеше адам ұзақ уақыт бойы одан ақша бопсалап келген. Олар әр жолы бірнеше мың теңге талап етіп отырған. Ал жәбірленушінің полицияға шағымданарының алдында олар одан 60 мың теңге талап еткен», — деп хабарлады А. Иманғалиев.
ІІД атап көрсеткендей, сонымен бір мезгілде, алыс жолға қатынайтын тағы бір жүргізуші осы секілді арызданып келген. Одан белгісіз біреулер 20 мың теңге талап еткен.
«Бірлескен операция нәтижесінде облыстың ҰҚК департаменті қызметкерлері аталмыш дерек бойынша 5 адамды тұтқындады. Олар оған дейін де облыстың ІІД ұйымдасқанқылмыстық топ мүшелері ретінде тіркеуде тұрған екен. Олардың арасында бұрынғы боксшылар да, грек-рим күресімен айналысатын спортшылар да бар», — деп хабарлады А. Иманғалиев.
Баспасөз хатшысының ақпаратына сүйенсек, аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК 181 бап 2 тармақ бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша тергеу изоляторында жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті