Ақтөбеде ауруханаға аман түскен сәби сал болып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде ауруханаға аман түскен сәби сал болып қалды

Ақтөбеде ауруханаға аман түскен сәби сал болып қалды

Ақтөбеде 8 айлық Сырғалым Өтеп құсып, дене қызуы көтеріліп Ақтөбе облыстық клиникалық инфекциялық аураханасында ем қабылдады. Өз еркімен басын көтеріп, күліп-ойнап жүрген бала сал болып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 18 Қазан 2017
  • 229
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе қаласындағы саяжайлардың бірінде тұрған Айымгүл Ермаханова қазір қызы Сырғалым Өтеппен Ақтөбе қалалық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ол осы жылдың ақпан айында өмірген келген қызы Сырғалыммен бірге мамыр айынан бастап аурухана жағалап жүр. Арада 5 ай өткенде сәбидің көзі көрмей, өз еркімен қимылдай алмай қалған.

«Қызым құсып, жедел жәрдеммен Ақтөбе облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасына түстік. Кейін айран ішіп, тағы ем қабылдадық. Барлығы 4 рет ауруханаға жаттым. Сол кезде қызымның жұлынынан су алуға рұқсат сұрап, мен келісімімді бердім. Тағы бір рет ұсыныс жасаған кезде бұл өте қауіпті екенін біліп, келісімімді бермедім. Қорықтым, ауруханаға қолхат жазып, шығып кеттім. Тағы ауырып, құсып, жедел жәрдеммен түскен кезде қызым жансақтау бөлімінде жатты. Көзі көріп, қимылдап, ойнаған балам қазір селсоқ жатыр. Тек емеді, сұйық тамақ ішеді. Күлкісін, бізге қарап мәз болған жүзін сағынып қалдық»,- деді Айымгүл Ермаханова.

Ақтөбе облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасында ем қабылдаған бала Ақтөбе қалалық балалар ауруханасына жіберілді. Бұл жерде оңалту шаралары жүргізіліп жатыр. Дәрігерлер түрлі дәрумендер беріп, массаж жасайды. Мұндай ем үздіксіз жүргізілуі тиіс. Сал болып қалған баланы қайта қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт пен шыдам керек.

«Науқас бізге инфекциялық ауруханадан келді. Неврология бөліміне жатқызып, оңалту шаралары қолға алынды. Нейроинфекция бар, яғни, миына қан құйылды. Жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Бала ұзақ уақыт оңалту ем-шарасын қабылдауы тиіс. Бір айдан асты бала бұрынғы қалпына келген жоқ. Қазір ем толық жасалды. Сәл артықшылықтар бар. Ол қолын қимылдата бастады»,- Ақтөбе қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Наталья Головырина.

Дәрігер емханаға тіркеуге алынып, емді үздіксіз жүргізуге, порталға тіркеліп, оңалту шараларын өткізуге бағыттады. Ал Ақтөбе облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасы баланың 4 рет түскенін, анасы Айымгүл Ермаханова екі рет қолхат қалдырып, кетіп қалғанын мәлімдеді. Тіпті әлеуметтік желі арқылы көмек сұрап, дәрігерлердің іс-әрекетіне күмәндаған отбасын сотқа беруге шағым жазып жатыр. Аурухана осы жолмен өз шешімдерінің дұрыс екенін, ем нәтижелі болғанын хабарлады.


«Анасы жүкті болған кезде баласына инфекция жұқтырған. Бала сол инфекциямен өмірге келген. Бала екінші рет ауруханаға түскен кезде осы диагноз қойылды. Ем қабылдады. Невропатолог қарап, баланың дамуы тежелген деп тұжырым жасалды. Сырғалым Өтеп түскен кезде дәрігерлер бар күшін салып, жоғары білікті мамандар қарауына алды. Аса мұқият тексеріліп, ес-түссіз жатқан баланы қайта өмірге әкелу үшін қымбат дәріге тапсырыс берген едік. Иммунноглобулинді берген соң бала есін жиды. Ол ес-түссіз түсті, емделді, есін жиды», — деді Ақтөбе облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасы бас дәрігерінің Майра Нұрғалиева.

Дәрігердің айтуынша, баланың денесі құрысып, бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Ал Сырғалымның анасы жылап, мазасы қашқан балаға екпе жасалған соң ол есінен айырылғанын айтып отыр. Қазір ата-ана балаға бар емді жасап, қайта қалпына келтіру шараларын жүргізіп беруді талап етуде. Ал ар-ожданымызға нұқсан келтірді деген ақ халаттылар арызды полицияға беріп, қылмыстық іс қозғатуды талап етпек. Тіпті 2 мың АЕК көлемінде айыппұл салып, 4,5 миллилон теңге моральдық-материалдық шығын өтеп алуды жоспарлап отыр.   

 

Соңғы жаңалықтар