Жол сақшылары тәртіп бұзған жүргізушінің көлігін айыппұл тұрағына алып кетпек. Ал сандалып қалған Қырғыз азаматтары енді діттеген жеріне қалай жетерлерін білмей дал. Араларында шиеттей балалар да бар. Жүргізушісінің кінәсін біле тұра олар жол сақшыларына жіберулерулерін өтініп жалынып та көрді. Дегенмен, полицейлер тиісті құжаты жоқ көлік иесіне жаза қолдануға міндеттіміз,- деп жылы қабақ танытпады. Мұны естіген жолаушылардың кейбірі жол сақшылардың жағасына жармаспақшы болды.