Заң бойынша орта мектеп директорларының кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ. Бірақ бұған ақтөбелік ұстаздар пысқырып та қарамаған. Яғни әрбір екінші білім ошағы басшысының жеке кәсібі бар болып шықты. Тіпті кейбір директорлар аймақтағы алпауыт кәсіпорындардың құрылтайшылары қатарында. Арақ зауытына иелік ететіндері де табылды. Тәртіптік кеңес мүшелері мұндай мектеп басшыларын жұмыстан қууды білім басқармасына тапсырды. Себебі, бизнес пен бала оқытудың аражігін қазір ажыратып алу керек деп отыр.
Ләззат Оразбаева, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы:
-Мектеп басшыларының жеке кәсібі бар деп ойлаған жоқпын. Әрине менің тарапымнан жіберілген қателік.