Жарияланды: 280

Ақтөбеде банкоматтарды бұзумен айналысқан қарақшылар ұсталды

Ақтөбеде банкоматтарды бұзумен айналысқан қарақшылар ұсталды

Қылмыстық топ банкоматтарды соңғы үш ай бойы бұзып ашып жүрген, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен. 

Қылмыстар әдетте түнгі уақытта жасалған. Белгісіз біреулер ішінде банкоматтар болған дүкендер мен басқа да ғимараттар есіктерінің құлыптарын сындырып кіріп, банкоматтарды бұзып ашып, ішіндегі ақшаны алып кетіп отырған. 
Полиция күдіктілерді жедел жолмен анықтады. 29 қазан күні 102 нөміріне терминалдың тағы бұзылып ашылуы туралы хабарлама келіп түскенде, 19-23 жас аралығындағы 5 адамнан құрылған топ «ізі суымай» ұсталды. 
Күдіктілер соңғы ұрлығын Бөгенбай батыр көшесіндегі «Сарыарқа» дүкенінде жасаған. Терминалды бұзып ашқан олар ішіндегі 800 мың теңгені алып кетті. Ұстау кезінде олардан «Лазер» маркалы травматикалық тапанша алынды. 
Қамауда отырған қылмыскерлер ұрлықтың 34 оқиғасын мойындады, олар ешқайда жұмыс істемеген, бұрын сотталмаған. Ақтөбеге жұмыс іздеу мақсатымен Байғанин және Темір аудандарынан келген. Жас азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін