Жарияланды: 300

Ақтөбеде баспанасын банк алып қойған жетім балаларға Б.Сапарбаев ара түсе алмады

Ақтөбеде баспанасын банк алып қойған жетім балаларға Б.Сапарбаев ара түсе алмады

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев анасы алған несиені өтей алмай, жалғыз баспанасын банкке беруге мәжбүр болған ақтөбелік жетім балаларға пәтерлерін қайтарып бере алмайтынын мәлімдеді деп жазады Қазақпарат.

Өз пікірінде облыс әкімі балаларға көрсетілетін барлық көмектің заңға негізделуі тиіс екенін баса айтты.

«Қазақ жетімін жылатпаған. Балалар менің қабылдауымда болды. Біз заңды мемлекетпіз, пәтерді заңды беруіміз керек. Адами жағынан қарағанда біз көмектесуіміз керек. Қала әкімдігі оларға жалдамалы пәтер берді. Заңдық тұрғыда үй беру жағын қарастырып жатырмыз. Егер заңсыз берсе, прокурор қала әкімін немесе мені айыптауы мүмкін», - деді Бердібек Машбекұлы өңірлік БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде.

Еске сала кетсек, Ақтөбеде анасы қаза болған Сарқұловтар әулетінің төрт баласы жалғыз баспанасын банкке беруге мәжбүр болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін