Ақтөбеде депутат өзін ақымақ деген ер адамды сотқа берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде депутат өзін ақымақ деген ер адамды сотқа берді

Ақтөбеде депутат өзін ақымақ деген ер адамды сотқа берді

Сот Facebook-те облыстық мәслихат депутатын қорлаған ақтөбелікке жаза тағайындады,

  • 24 Қаңтар 2022
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, бәрі әлеуметтік желіде басталған. Онда ауыл шаруашылығы колледжінің директоры Амангелді Есеркепов (облыстық мәслихат депутаты) зейнеткерлікке салтанатты түрде шығарып салынғаны, іс 2021 жылы жазда болғаны айтылады. Желі қолданушыларының бірі  бірі оны қорлайтын сөздер жазған, соның ішінде "ақымақ", "старпер". Мұны көрген депутат пікір жаған авторды сотқа берген.

Айыпталушы тарапта ауыл шаруашылығы колледжінің оқытушысы болған, оны прокурорлық ұйғарымнан кейін жұмыстан шығарған. Айыпталушы кінәсін мойындамаған, ол Facebook-те Есеркеповті қорламағанын, парақшасы жоқ екенін айтқан.


Сот бұрынғы АӘД оқытушысын 50 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тарту туралы үкім шығарды, бірақ оны рақымшылыққа байланысты осы жазадан босатқан. Сондай-ақ, сотталушы Амангелді Есеркеповке моральдық зиян ретінде 100 мың теңге және осы іс бойынша заңгерлерге 500 мың теңге төлеуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар