Ақтөбеде газ жарылды: зардап шеккендер бар - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде газ жарылды: зардап шеккендер бар

Ақтөбеде газ жарылды: зардап шеккендер бар

Ақтөбе қаласындағы гараждардың бірінде газ жарылып, екі тұрғын ауруханаға түсті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

  • 9 Маусым 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға 9 маусым күні сағат 12:42-де Тілеу батыр көшесіндегі жеке үйдің аумағында болған. Газ жарылған соң, қызыл жалын 10 шаршы метрге шарпыған.

"Өрт салдарынан 1937 және 1994 жылдары туған екі ер адамның денесі күйіп қалды. Олар ауруханаға жеткізілді", — делінген ТЖК таратқан хабарламада.

Өрт сағат 12:58-де сөндірілді.


Қызыл жалынды ауыздықтауға 18 өрт сөндіруші мен 5 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар