Ақтөбеде кәсіпкерден пара алған мектеп директоры сот алдында жауап беруде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде кәсіпкерден пара алған мектеп директоры сот алдында жауап беруде

Ақтөбеде кәсіпкерден пара алған мектеп директоры сот алдында жауап беруде

Ольга Бажитова оқушыларды тамақтандыруға байланысты тендерге қатысқан кәсіпкерден 500 мың теңге талап еткен.

  • 8 Мамыр 2015
  • 263
Фото - Caravan.kz

Сот отырысында ауызбастырықты алғанын мектеп басшысы бірден мойындады. Зейнеткерлерікке шығуына не бары бір ай қалғанда «мені құдай ұрды» деп судьяға жалбарынған ол ақшаны мектептің жөндеу жұмыстарына алғанын айтып ақталды. Дегенмен, директорден теперіш көрдім деген кәсіпкер басқа пікірде. Айтуынша, Ольга Бажитова бірнеше ай бойы себепсіз құжаттарға қол қоймай әдейі сандалтып қойған. Тек пара ұсынғанда шаруаны шешуге кірісіпті. Зейнат жасындағы ұстаз енді біраз уақыт бостандық көрмеуі мүмкін.