Ақтөбеде халыққа қызмет көрсету орталығының бастығы қызметінен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде халыққа қызмет көрсету орталығының бастығы қызметінен босатылды

Ақтөбеде халыққа қызмет көрсету орталығының бастығы қызметінен босатылды

Ақтөбе. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе қаласында ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы Асқар Кенжехановтың бұйрығымен қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының бастығы Ерікжан Мұхамбетов қызметінен босатылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық әділет департаментінен хабарлады.

  • 22 Сәуiр 2008
  • 720
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, департаменттің хабарлауынша, Ақтөбе қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы бастығының міндетін уақытша атқарушы болып бұған дейін облыстық әділет департаментінің жылжымайтын мүлік құқын тіркеу бөліміне жетекшілік жасаған Марат Махамбетов тағайындалды.

Ақтөбе облысында қазіргі таңда 14 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті