Ақтөбеде халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері пара алу үстінде қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері пара алу үстінде қолға түсті

Ақтөбеде халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері пара алу үстінде қолға түсті

Ақтөбе. 24-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының операциялық залының басшысы 15 мың теңге көлеміндегі пара алу үстінде қолға түсті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінен хабарлады.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 388
Фото - Caravan.kz

Қаржы полициясының ақпаратына сүйенсек, халыққа қызмет көрсету орталығының операциялық залының басшысына жергілікті фирмалардың бірінің заңгері оған тиесілі ЖШС-н қайта тіркеуден өткізіп беруді өтініп арыз жазған. «Алайда, халыққа қызмет көрсету орталығының операциялық залының басшысы заңгер жинаған құжаттардың толық еместігін және оның дұрыс толтырылмағандығын желеу етіп, оларды тиісті қалыпқа келтіру ұзақ уақыт алатынын атап көрсеткен. Осыған байланысты оны 300 АҚШ доллары көлемінде пара беруге итермелеген», — деп түсіндірді Қаржы полициясындағылар.

Сол ақшаға күдікті заңгерге құжаттарды қайта рәсімдеу процесін және ЖШС-н қайта тіркеу туралы куәлікті беруді жеделдетуге уәде берген.

«Бұл туралы заңгер толығымен Қаржы полициясының қыметкерлеріне әңгімелеп берген. Содан кейін күдікті қылмыс үстінде, атап айтқанда, ақшаның бір бөлігін — 15 мың теңгені алу үстінде қолға түсті», — деп атап көрсетті экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті.

Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті