Ақтөбеде көп балалы аналар мемлекеттік марапатқа ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде көп балалы аналар мемлекеттік марапатқа ие болды

Ақтөбеде көп балалы аналар мемлекеттік марапатқа ие болды

Ақтөбеде 8-ден көп бала тәрбиелеген аналарға мемлекет тарапынан Алтын және Күміс алқа табыс ету рәсімі болды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Шiлде 2003
  • 670
Фото - Caravan.kz

Қалалық әкімшілікте өткен осынау салтанатты рәсімге көбінесе ауылдық аналар келіпті. 10-нан артық баласы бар 8 ана «Алтын алқа» тағынса, 8-9 баласы бар 13 әйел «Күміс алқаға» ие болды.

Қала әкімінің орынбасары Рашид Юсуповтың айтуынша, соңғы екі жылда Ақтөбеде 200-ден астам ана осындай марапатқа ие болған .
Заң бойынша көп балалы аналарға зейнетақыға үстеме 1500 теңгемен қоса қоғамдық көліктерде тегін жүру және коммуналдық төлемдерді жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі беріледі.

Соңғы жаңалықтар