Ақтөбеде курсант өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтап тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде  курсант өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтап тұр

Ақтөбеде курсант өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтап тұр

Ақтөбедегі әуе қорғанысы институтында оқыған курсанттың өліміне қатысты іс тоқтап тұр. Бұған наразы болған марқұм Әділ Ақылбектің туыстары дереу тергеуді қайта жалғастыруды талап етуде. Себебі, олар баласының кісі қолынан қаза тапқанына сенімді. Ал тергеушілер болса сараптаманың тек Алматыда жасалатынына байланысты істі қашан қозғайтындарын нақты айта алмай отыр.

  • 10 Шiлде 2014
  • 255
Фото - Caravan.kz

Осыдан тура екі ай бұрын қансырап жатқан 19 жастағы Әділ Ақылбекті оқытушылары әскери мекеменің ауласынан тапқан. Әуелде институт басшылары ата-анасына бала тамақтан уланды деп хабар беріпті. Кейін жауап беруден мүлде жалтарып, жұмған ауыздарын ашпай қойды. Енді сараптама қортындысы оны биіктен біреу итеруі мүмкін деген қорытынды шығарып отыр.

Алтын Сартаева, Ә.Ақылбектің жеңгесі:

-Кісі қолынан өлген ғой енді оны. Әйтпесе өздігінен құламады деген қағаз шығып тұр. Жоғарыдағылар қай жаққа қарап отыр соны тексермей, соны қарамай? Ол о мал емес, адам баласы өліп жатқан. Не бары 19 жаста.

Курсанттың өлімінен соң институттағы ішкі тәртіптің бұзылуына байланысты тергеушілер қылмыстық іс қозғаған болатын. Кейін сараптама қортындысы шығуын күтіп істі тоқтатып қойғандарын айтады. Алғашқы зерттеу жұмыстары қолдарына тигенімен, енді марқұмның психологиялық жағдайын тексергелі жатыр.


Марат Сүлейменов, әскери-тергеу басқармасының жетекшісі:

-Енді біз жайдан-жай тоқтатпаймыз. Бізді де әскери прокуратура бар Ақтөбе гарнизонының. Олар біздің ісімізді күнделікті нақтылап, тексеріп отырады. Сараптаманы біз Алматыға тағайындадық. Алматыдан басқа ешқайда жүргізбейді. Екеуі осы Ақтөбеде тағайындалды. Жауаптары алғанан кейін қылмыстық іс қайтадан өндіріледі.

-Тергеушілер курсант өліміне қатысты бірнеше болжам жасап отыр. Десе де, Әділ Ақылбектің «биіктіктен өзі секіруі мүмкін» деген байламға келіп тоқтайтын сыңай танытуда. Себебі, терезе жақтауынан курсанттың ғана аяқ іздері табылып, ол күзеткен қойманың қос кілтіде қалтасында болған. Марқұм терезесінен секірген бөлмеге одан басқа ешкім жолаған жоқ дейді тергеушілер.