Ақтөбеде лаңкестер түгел залалсыздандырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде лаңкестер түгел залалсыздандырылды

Ақтөбеде лаңкестер түгел залалсыздандырылды

Ақтөбеде іздеуде жүрген соңғы лаңкес Арсен Таңатаров ұсталды. Сөйтіп, облыстық лаңкестікпен күрес штабы қалада 5 маусым күні қырғын жасағандарды түгел көздерін жойып, қолға түсірді. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметін сүйене отырып, caravan.kz тілшісі хабарлады.

  • 12 Маусым 2016
  • 500
Фото - Caravan.kz

Содырлардың қолындағы қарулар да түгел алынған. Қазір қозғалған қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Аталған штабқа Ақтөбедегі Жаманқұлов және Пушкин көшелерінің қиылысында қалған қылмыскерлер орналасқан болуы мүмкін деген хабар келіп түскен. Тексеру барысында бұл мәліметтің рас екені анықталды. Содан кейін ұстау операциясы барысында алдымен Әлібек Ақпанбетов пен Бақыт Қуанышбаев қолға түсті. Сосын көп ұзамай Арсен Таңатаров та ұсталған. Қашып кетпек болған Ақпанбетов аяғынан жараланды. Бұл азаматтарда «Паллада» дүкенінен алып кеткен екі қару бар екен.

Естеріңізге салсақ,
Ақтөбедегі лаңкестік әрекет
5 маусымда болған еді. Қарулы топ екі қару-жарақ дүкеніне, әскери бөлім мен полиция бекетіне шабуыл жасады. Осы оқиға салдарынан 7 адам қаза тауып, 38-і зардап шекті. Ал лаңкестердің нақты саны қанша екені ҰҚК-нің соңғы мәліметтерінде айтылмаған.   

Соңғы жаңалықтар