Жарияланды: 750

Ақтөбеде медициналық жедел жәрдем станциясына УАЗ автокөліктері табыс етілді

Ақтөбе қалалық медициналық жедел жәрдем станциясына 6 УАЗ автокөлігі табыс етілді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі .

Автокөліктер жергілікті бюджеттен бөлінген 4,6 млн. теңгеге сатып алынды. Бұған дейін қалалық медициналық жедел жәрдем станциясының балансында он шақты ғана автокөлік болған. Бұл -қажетті көлік санынан үш есе аз-тұғын . Сөйтіп енді, медиктердің айтуынша, дәрігерлердің жұмыс тиімділігі артып, тұрғындар үшін фельдшерлік топты сарыла күту мерзімі қысқармақ. Сондай-ақ, жаңа автокөліктер алу нәтижесінде медициналық жедел жәрдем станциясы бала дәрігерлері бригадаларының санын арттыру мүмкіндігіне ие болды. Автокөліктерді табыс ету рәсімінде Ақтөбе қаласының әкімі Қайырқожа Елеусізов он бір дәрігерге құрмет куәліктері мен алғыс хаттар табыс етті. Сондай-ақ, денсаулық саласы қызметкерлерінің күніне орай дәрігерлерге 10 мың теңгеден ақшалай сыйлықтар тапсырылды. Қала әкімі адал еңбектері мен жұмыстағы жоғары табыстары үшін дәрігерлерге алғыс білдірді. Бүгінде Ақтөбе қаласының барлық 70 медициналық мекемесінде 4 мың дәрігер жұмыс істейді. Қала әкімінің айтуынша, биылғы жылы Ақтөбе қаласының үш медицина қызметкері "Денсаулық сақтау саласының үздік қызметкері" атағына ие болған. Оның айтуынша, келесі жылы қала әкімшілігі денсаулық сақтау саласының қажеттігіне арнап 500 млн. теңге бөлмек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть