Жарияланды: 20

Ақтөбеде мектеп инспекторы оқушыны ұрып-соққан

Ақтөбеде мектеп инспекторы оқушыны ұрып-соққан

Ақтөбеде мектеп инспекторы оқушыны ұрып-соққан.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.  

Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында Ақтөбедегі № 2 орта мектебінде инспектордың сабаққа мектеп формасын кимеген оқушыны ұрып соққаны туралы хабарлама жарияланған. Бұл оқиғаның 22 қыркүйекте болғаны айтылады.

Мектеп директоры Сания Данишева бұл мәліметті растады.

"22 қыркүйекте мектеп оқушысы мен испектор арасында дау шықты. Бала мектеп формасын кимеген. Сол күні кезекшілік еткен мектеп меңгерушісі инспектормен кездескен. Олар балаға ескерту жасаған. Сол күні біздің мектепте республикалық конференция өтіп жатты. Меңгерушісі іс-шараға қатысқан, ал инспектор өзінің өкілеттігін пайдаланып, осындай әрекет жасаған. Инспектор 1 қыркүйекте тағайындалған еді. Жасы 22-де, жас маман", - дейді мектеп директоры.

Оның айтуынша, осы жағдайдан кейін 10-сынып оқушысы медициналық көмекке жүгінген. Директордың айтуынша, ол қазір сабаққа барып жүр.

Данишеваның айтуынша, оқушының ата-анасы арыз түсірген жоқ, тараптар татуласты. Ал мектеп инспекторы жұмыстан шығарылды.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін