Ақтөбеде нөсер жауды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде нөсер жауды

Ақтөбеде нөсер жауды

Бүгін түнде Ақтөбе облысында түскен ылғал мөлшері рекордты көрсеткішке жетті. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма мамандарының мәліметіне жүгінсек, Ақтөбе, Қобда және Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында қалыпты мөлшерден 4 есе артық ылғал түскен.

  • 11 Шiлде 2003
  • 648
Фото - Caravan.kz

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан KZ-today тілшісіне хабарлауынша, түні бойы толастамаған нөсер салдарынан Ақтөбе қаласының ескі аудандарындағы ағызынды сулар деңгейі 20 сантиметрге көтерілген.

Осыған байланысты қаланы көркейту қызметінің арнаулы 6 машинасы суды сорғызып алу жұмысымен айналысуда.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлауынша, жауын-шашын біраз қиындықтар әкелді. Мәселен, жай түсу салдарынан бүгін таңертеңгісін облыстық радио және телехабарларды тарату орталығының желілік және апаттық кабельдері істен шыққан. Орталық директоры Жақсылық Бекзаданың хабарлауынша, соның салдарынан республикалық, облыстық және жргілікті 9 телеарна мен 4 радиостанцияның жұмысы 10 минутқа тоқтатылды.
Сондай-ақ, Ақтөбе қаласындағы №30 орта мектептің шатыры бүлінген.
Ақтөбелік күн райын бақылаушылардың болжауынша, облыстағы жауын-шашын бір аптаға созылады.

Соңғы жаңалықтар