Мәселен, мекеме қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылғы жазда олар «Ақтөбе облыстық әкімшілігінің ішкі саясат департаментінің әкімшілік бөлімінің бастығына қатысты келіп түскен шағым бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол бермеу және оларды ашу жұмыстарын жүргізген».
«Шенеунікке қатысты шағымдана келген әйел өз арызында күдіктіге өз қолымен 600 мың теңге мен 1 мың АҚШ долларын табыс еткенін жеткізген», — деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.
Қаржы полициясының нақтылауынша, ақшаны зардап шегуші «шенеуніктің уәде бойынша «Жаңа үй» бағдарламасына сәйкес пәтер алуға көмек көрсетуі үшін берген». Алайда, уәде орындалмауға байланысты әйел облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментіне жүгінген».
Теесеру кезінде шенеунік тексерушіге 200 АҚШ доллары көлемінде пара ұсынған. Қаржы полициясының хабарлауынша, бұл ақы үшін күдікті «тексеру нәтижесән оның пайдасына шығарып беруді сұраған».
«Күдіктінің өз айыбын мойнына алуына, оған берілген оң бағаға, сондай-ақ, қылмыстық жауапкершілікке бірінші рет тартылып отыруына байланысты Ақтөбе қалалық соты облыстық әкімшіліктің ішкі саясат департаментінің әкімшілік бөлімінің бұрынғы бастығы Мұқашевті ҚР Қылмыстық кодексінің 312-ші бабының 1-ші тармағы бойынша лауазым иесіне пара беру қылмысы үшін үш жылға бостандығын шектеу жазасын тағайындады», — деп хабарлайды департаменттегілер.
Үкім бүгін күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті