Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, әскерилер қаладағы «Ұлпан» дәмханасының маңында оқ тиіп жараланған, оларға белгісіз біреулер шабуыл жасаған.
«Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу барысында осы қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде екі жігітті ұстады, олардың бірі — жергілікті тұрғын болса, екіншісі — Қызылорда облысының тумасы», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Қазір осы дерек боййынша ҚР Қылмыстық кодексінің қару қолданып жасаған бұзақылық жөніндегі 257-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Шолақ мылтық тәркіленіп, бір күдікті қамауға алынды, екіншісі ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатылды, қылмыстың себептері анықталуда», -деп хабарлайды ІІД.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті