Жарияланды: 60

Ақтөбеде орамал таққан үш оқушының ата-анасы қамауға алынды

Ақтөбеде орамал таққан үш оқушының ата-анасы қамауға алынды

Ақтөбе облысында мектепте сабақ кезінде қыздарынан орамалды шешуге қарсы болған үш ер адам әкімшілік қамауға алынды.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

Ақтөбе мамандандырылған әкімшілік соты мектеп формасы ережесін сақтамау да қоғамдық тәртіпті бұзумен тең деп бағалады. Ереже бұзған екі ер адам - үш тәулікке, ал біреуі - бес тәулікке қамалады. 

"2018 жылы 14 қыркүйекте Ақтөбеде мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша үш ер адамға қатысты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін сот ісі қаралды. Сот шешімімен ереже бұзушылар қамауға алу туралы әкімшілік жауапкершілікке тартылды: екі ер адам - үш тәулікке, ал біреуі - бес тәулікке қамалады", - делінген облыстық сот баспасөз қызметіндегілер.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть