Жарияланды: 530

Ақтөбеде полиция майоры кісі өлтіргендігі үшін сотталды

Ақтөбе қалалық сотының шешімімен Облыстық Ішкі Істер басқармасының бұрынғы оперативтік қызметкері , полиция майоры Геннадий Береговой кісі өлтіргендігі үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Бұрынғы полиция қызметкеріне 2001-жылы Ақтөбелік бір тұрғынды ауыр жарақаттағаны, сол жарақаттың кесірінен әлгі адамның қайтыс болғаны үшін айып жүктелген болатын. Өткен 3 жарым жылдың ішінде Г.Береговойға қатысты қылмыстық іс үш мәрте қосымша тергеуге жіберіліпті. Алайда Г.Береговойдың қорғаушысы Клара Найденованың пайымдауынша, оның клиенті қылмыс құрамы дәлелденбегендіктен толық ақталып шығуға тиіс көрінеді. Қорғаушы осы орайда тергеу барысында көптеген қайшылықтарға жол берілгендігін, соттың айыпкерге бір жақты қатаң көзқарас ұстанғанын хабарлады. Оның айтуынша, Г.Береговой мен оның адвокаты тарапынан сотқа берілген өтініштер ешбір негізсіз себептермен қанағаттандырылмаған. Сонымен бірге тергеу кезінде оқиға құрбанының әйелі өз айтқандарын бірнеше мәрте өзгерткен көрінеді. Өз кезегінде республикалық медициналық сараптама Орталығының мамандары Г.Береговойға қатысты іс бойынша сарапшылар қорытындысынан қарама-қайшылықтар тапқан. Қорғаушының айтуынша, тергеушілер Г.Береговойдың күнәсін мүлдем дәлелдей алмапты. Қазір бұрынғы полиция қызметкерінің қорғаушысы облыстық сотқа аппеляция тапсыруда. Ал Г.Береговойдың бұрынғы әріптестері Бас прокуратураға өтініш жолдамақшы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть