Жарияланды: 190

Ақтөбеде Қайрат Нұртас есімді сәби өмірге келді

Ақтөбеде Қайрат Нұртас есімді сәби өмірге келді

Ақтөбеде өмірге келген сәбиге Қайрат Нұртас есімі берілді. 

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, Жұмагелдиевтер отбасы ұлына осындай есім берген. Әншінің құрметіне баласына Қайрат Нұртас есімін қойды. Алайда сәбидің есімі Нұртас, тегі Қайрат. 

"Нұртас біздің екінші баламыз. Қайрат Нұртастың құрметіне қойдық. Әншіге ұқсаса екен дейміз", - дейді әкесі.

Қайраттың жары "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының облыстық филиалында жұмыс істейді. Өзі мемлекеттік қызметкер.

Ведомство мәліметінше, Ақтөбеде Нұрсұлтан Назарбаев, Қасым Аманжолов, Бейімбет Майлин есімді сәбилер дүниеге келген. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін