Ақтөбеде қаласының бас шыршасы құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде қаласының бас шыршасы құлады

Ақтөбеде қаласының бас шыршасы құлады

Ақтөбеде қатты желден қаланың бас шыршасы құлады. Жергілікті билік оны Жаңа жылға дейін қалпына келтіреміз деген уәде берді.

  • 26 Желтоқсан 2017
  • 202
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қала әкімдігінің facebook-тегі парақшасында жазылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Қала билігі жаңажылдық шыршаны таяу уақытта қалпына келтіруге уәде берді.

«Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Ақтөбенің басты саябағындағы шыршаны қайта тұрғызу жұмыстары жүріп жатыр. Интернет қолданушыларына рахмет. Барлық ескертуді жазып алдық. Шырша қайтып құламауы үшін қатты бекітіліп жатыр. Уайымдайтын себеп жоқ. Ертең балалар мен қонақтар шырша маңында суретке түсе алады. Ол орнына қойылады», — деп жазды Ақтөбе қаласы әкімдігінің өкілдері Facebook-те.

Астанада да шыршамен байланысты оқыс оқиға болды. Кеше Тұран көшесінде 
шырша өртенді
.

Соңғы жаңалықтар