Қайғылы оқиға әлеуметтік мекемеде 5 күн бұрын болған. Қазір өртенген бөлмені интернат қызметкерлері бояп, тазартып үлгеріпті. Тіпті Мария Меняеваның орнына басқа әжейді көшіріп әкелген. Қайғылы оқиға болған күні бөлмеде керуертке таңылған 3 кемпір жатқан екен. Екеуін қызметкерлер құтқарып үлгерген. Ал оңбай күйген Мария Меняева облыстық ауруханаға жеткізілгенімен, сонда ес жимастан кетті. Қария бұған дейін де өзін-өзі өлтіруге талай оқталды дейді қызметкерлер. Ұл-қызы жоқ жалғызбасты қарт 5 жылдан бері осы интернатта тұрған екен.
Гүлсара Бисалиева, Ақтөбе қалалық қарттар мен мүгедектер интернат үйінің бас мейірбикесі:
-Ол кісінің бірнеше рет қолынан шырпы да тартып алдық. Пышақ та алдық өз-өзіне қол жұмсағысы келгенде. Мен өлемін дейді оның әңгімесі осы. Жедео жәрдем шақыртып жатқанда қалтасынан шырпы алдық. Оны келген полицияға көрсеттік.