Ақтөбеде ресейлік азамат травматикалық қаруды 4 мың теңгеге сатпақ болған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде ресейлік азамат травматикалық қаруды 4 мың теңгеге сатпақ болған

Ақтөбеде ресейлік азамат травматикалық қаруды 4 мың теңгеге сатпақ болған

Ақтөбеде ресейлік травматикалық қаруды 4 мың теңгеге сатпақ болған, деп хабарлады ҚР ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.

  • 6 Қараша 2015
  • 282
Фото - Caravan.kz

«Ақтөбе стансасындағы ЖІІБ қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде темір жол вокзалында 20 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Ол 4 мың теңгеге  травматикалық қару сатпақ болған», — делінген хабарламада.

Ұсталған ер адам Қазақстанда тұратын туыстарында қонақта болғанын айтқан.

Қазіргі уақытта айғақ заттар тәркіленді. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.


Аталған факт ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі бойынша Ақтөбе стансасындағы ЖІІБ сот алдындағы тергеудің біріңғай реестрінде тіркелді.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.