Ақтөбеде селфи түсіріп тұрған қызды пойыз қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде селфи түсіріп тұрған қызды пойыз қағып кетті

Ақтөбеде селфи түсіріп тұрған қызды пойыз қағып кетті

Ол ауруханада қайтыс болды

  • 6 Желтоқсан 2019
  • 15
Фото - Caravan.kz

Ақтөбеде селфи түсіріп тұрған қызды пойыз қағып кетті. Ол ауруханада қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"4 желтоқсанда 23:00 шамасында Авиақалашық аумағындағы темір жол бойында қайғылы жағдай болды. Екі қыз қозғалып бара жатқан пойыздың фонында селфи түсірген, соның салдарынан пойыз бар жылдамдығымен бір қызды қағып кеткен. Қыз бала Ақтөбе ауруханасына жеткізілген, алайда ол таңға жуық қайтыс болды", — делінген полиция хабарламасында. 

Ақтөбе облысында қараша айында жолдарда 43 жаяу жүргінші зардап шеккен, оның алтауы қаза тапты, 39-ы жарақат алды, ал жыл басынан бері 17 адам қаза тауып, 300-ден аса жаяу жүргінші зардап шеккен. 304 қағып кету дерегінің 108-і жаяу жүргіншіге арналған жолда болған, қалған 196-сы рұқсат етілмеген аймақта болған.


 

Соңғы жаңалықтар