Ақтөбеде суға кеткен үш бала туралы жаңа деректер айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде суға кеткен үш бала туралы жаңа деректер айтылды

Ақтөбеде суға кеткен үш бала туралы жаңа деректер айтылды

Ақтөбеде 1 маусым күні қала орталығындағы өзенге батып кеткен үш бала туралы жаңа деректер айтылды. Жергілікті "Эврика" газеті балалардың мұғалімдерімен сөйлесіп, оқиғаның қалай болғанын анықтаған.

  • 8 Маусым 2017
  • 326
Фото - Caravan.kz

Еске салайық, Балаларды қорғау күні Ақтөбенің Сазды өзеніне жасөспірім үш бала ағып кеткен болатын. Оқиғаға күндіз дүйім жұрттың көз алдында болса да, оқушыларды ешкім құтқара алмаған. Жұрттар оларды шомылу үшін өзенге түспек болғанын айтады, дегенмен, үшеуінің де киімде болғаны бұл болжамды жоққа шығарып отыр.

Дәл сол күні мерекеге орай қалада түрлі іс-шаралар өтіп жатқан. Оқиға болған 12-ші шағынауданда балаларға балмұздақ таратылып, түрлі ойындар ойнатылыпты. Сондықтан, өзен жағалауында адамдар көп болған.

Белгілі болғандай, сол күні төрт дос бала қыдыруға шыққан екен. Ата-аналарын олар ескертіп кетіпті. Олардың мұғалімі Ханзада Сүйентаеваның айтуынша, төрт баланың бірі өзенге барып, салқындап алмақ болған көрінеді. Алайда, қатты ағыста тепе-теңдікті сақтай алмай, құлап кеткен. Сыныптас досы оны құтқармақ болып суға секіргенде өзі де тұншыға бастапты. Жанталасқан Ернат Жасқарайратов пен Шыңғыс Нұрғазы маңайдағы жұртты көмекке шақырып айқайлаған. Алайда, ересектерден ешкім қол ұшын созбаған көрінеді. Тек, сыныптас үшінші бала Нұржанның інісі Сәлім Аяпбергенов оларды құтқару үшін суға қойып кеткен. Алайда, екі баланы тартып шығаруға оның да күші жетпей, өзін де су ағызып әкетіпті. Осылайша, үш бала бір сәтте бақилық болды.

Екі жасөспірім №31 орта мектептің сегізінші сыныбын бітірген екен. Нұржанның інісі Сәлім олардан бір сыныпқа төмен оқыған. Әзірге оқиғаның мән-жайын тәртіп сақшылары анықтап жатыр. Суға кеткен оқушыларға ересектердің не үшін көмектеспегені белгісіз.


Соңғы жаңалықтар