Ақтөбеде таксист оқушыны қағып кетіп, оқиға орыннан қашып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде таксист оқушыны қағып кетіп, оқиға орыннан қашып кеткен

Ақтөбеде таксист оқушыны қағып кетіп, оқиға орыннан қашып кеткен

Ақтөбеде такси жүргізушісі мектеп оқушысын қағып, оқиға орнынан ұашып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

  • 11 Сәуiр 2021
  • 20
Фото - Caravan.kz


Бейсенбі күні Мәншүк Мәметова көшесінің 12-ші шағын ауданында орналасқан жаяу жүргіншілер өткелінде ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі 12 жастағы қызды қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кетті.

Тәртіп сақшылары "ұстау" жоспарын жариялап, құқық бұзушыны тоқтатты. Ол мобильді қосымша арқылы жеке тасымалдаумен айналысатын 59 жастағы ер адам болып шықты. Сараптама көрсеткендей, жүргізуші байсалды адам. Факті бойынша тергеу жүргізілуде. Қыз бала Ақтөбе қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар