Жарияланды: 1400

Ақтөбеде түсірілген даулы видеоның мән-жайы белгілі болды

Ақтөбеде түсірілген даулы видеоның мән-жайы белгілі болды

Полиция екі ер адамның құжаттарын тексермек болған.

Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері екі ер адамның полицияға қарсылық көрсеткені түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде пайда болған видеода екі ер адамның полицейлерге әлдене түсіндіргісі келетінін көруге болады. Кенет ер адамдардың бірі ашуланып, қызметкерге соқық жасай бастайды. Оқиға Ақтөбеле болған. Облыстық ІІД өкілдері видеоның 2018 жылдың шілдесінде түсірілгенін хабарлап отыр. Полиция мәліметінше, жасақ екі ер адамның құжаттарын тексермек болған. "Ағайынды бауырлар есірткі қолданады, наркодиспансерде есепте тұр. Олар полиция қызметкерлеріге қарсылық көрсетті. Олардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды, екіншісі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Полиция жасағы олардың құжатын тексергісі келген, олар есірткіге мас болған", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть