Ақтөбеде үйі өртеніп кеткен алты балалы отбасы далада қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде үйі өртеніп кеткен алты балалы отбасы далада қалды

Ақтөбеде үйі өртеніп кеткен алты балалы отбасы далада қалды

Ақтөбеде үйі өртеніп кеткен алты балалы отбасы далада қалды.

  • 25 Ақпан 2019
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қыстың көзі қырауда Ақтөбелік көпбалалы отбасы далада қалды. Тұрған үйлері өртеніп, қызыл жалында қалған титтей үш баланы ағайыны құтқарған. Абырой болғанда бәрі дін аман. Тек балалы-шағалы отбасының барар жері болмай тұр. 

Қызыл жалын міне, осы бөлмеден шыққан. Бұл- балалардың ойын бөлмесі екен. Өрт шыққанда үйде қалған үш бала көрші бөлмеде теледидар қарап отырыпты. Абырой болғанда оларды қожайынның ағайыны қызыл жалыннан аман алып қалған.

Мұрат пен Айнұр алты баласымен туыстарының үйіне түнеп шыққан. Өрттен ортасына түскен баспанасына қарап екеуі қосыла егіліп жүр. Былтыр жазда ғана жаңалап, жөндеп алған екен. Ең бастысы бала-шағасының аман қалғанына шүкір дейді ерлі-зайыптылар.

АЙНҰР БАЙТӨБЕТОВА, ТҰРҒЫН:

«Баратын жеріміз жоқ . Біреудің үйінде қашанғы тұрамыз? Апасының үйіне қондық кеше. 1-2 күн тұрармыз, балалардың сабағы қалды жайына. Бұлардың кітабы да, киімі де жоқ. Үстеріндегі киімді сұрап-сұрап әзер дегенде киіндіріп әкелдім».

Өрт тұтанғанда үйде ересектерден ешкім болмаған. Айнұр 11 жастағы қызы мен 3 айлық сәбиін дәрігерге көрсетуге емханаға кеткен. Ал отағасы жұмыста болыпты. Көзді ашып-жұмғанша суық хабар жеткен. Үйде қалған қызы мен екі ұлды қайнысы құтқарған. Ал бір баласы сабақта болыпты. Үйдің тұңғышы күлге айналған бөлмесін көріп, әлі өз-өзіне келе алар емес.

ӘСЕМАЙ БОЛАТ:

«Кітаптарымның бәрі өртеніп кеткен, киетін киімдерім де жоқ енді. Осы кітап, киімдерді алуға көмектессе деп сұраймын. Үйімді ремонттап берсе, осындай детский бөлмемді ремонттап берсе екен…».



Әкімдіктегілер көпбалалы отбасының жағдайынан хабардар. Үйдің қожайыны өрт қауіпсіздігін сақтамаған деп отыр. Мұндай жағдайларда жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылмағанын түсіндірді. Дегенмен, далада қалдырмай, көмек көрсетеміз деді. Әрі бір реттік көмек беріледі екен.

БЕКБОЛАТ НҰРАШЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

«Қолданыстағы заңдарға сәйкес бюджет тарапынан көмек бұған өтеп беру немесе үй салып беру ондай қарастьрылмаған. Қазір енді ол адамдарды далаға тастамаудың амалы, мүмкіндігінше қыс кезінде ең бастысы пәтер, уақытша пәтермен көмектесу мәселесін қарастырып жатырмыз».

Байтөбетовтердің балалары оқитын мектептің басшылығы да отбасына қол ұшын созуға дайын. Оқу құралдарын беріп, киім-кешектерін бүтіндейміз деп отыр. Ал көпбалалы отбасының бүлінген үйімізді жөндеуге көмек болса екен деген тілектері бар.

Соңғы жаңалықтар