Ақтөбеде жалған ПТР-тест анықтамасын жасайтын ерлі-зайыптылар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде жалған ПТР-тест анықтамасын жасайтын ерлі-зайыптылар ұсталды

Ақтөбеде жалған ПТР-тест анықтамасын жасайтын ерлі-зайыптылар ұсталды

Ақтөбеде жалған ПТР-тест анықтамасын жасайтын ерлі-зайыптылар ұсталдыБұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

  • 19 Шiлде 2021
  • 30
Фото - Caravan.kz

Облыстық полицияның хабарлауынша, Жайсаң шекара бекетінде Ресейге кетіп бара жатқан жүк көліктерінің жүргізушілеріне бір адам келіп, ПТР-тест анықтамасын жасай алатындығын айтқан.

Ол жүргізушілердің мәліметтерін әйеліне (медициналық орталықтардың бірінің дәрігері) жібереді, ол жалған анықтама жасап, оны күйеуіне қайта жолдап отырған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында қасақана жалған ПТР-тес анықтамасын қолданған 10 азамат анықталып, олардан жауап алынды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы, 3-бөлігі, "Біле тұра жалған құжатты қолдану" бойынша тергеу амалдары қолға алынды, — деп атап өтті баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар