Ақтөбеде жаппай төбелескен мектеп түлектері ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде жаппай төбелескен мектеп түлектері ме?

Ақтөбеде жаппай төбелескен мектеп түлектері ме?

Әлеуметтік желіде Ақтөбеде болған жаппай төбелестің видеосы таралды. Онда қыздардың жанұшыра шыққан дауыстары естіледі.

  • 26 Маусым 2017
  • 1206
Фото - Caravan.kz

Жаппай төбелестің шағын ғана бейнеролигі мен фотосы Instagram-дағы aktobe_zello парақшасына салынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

Автордың айтуынша, бұл — Ақтөбедегі мектеп түлектерінің Тургенев көшесінде 25 маусым күні болған жаппай төбелесі. "Жігіттердің барлығын полиция көлігіне салып алып кетті" деп жазады оқиға куәгері. Видеодан костюм киіп алған жігіттердің жұдырықтасып жатқаны көрініп тұр. Ал қыздардың шыңғырған дауыстары естіледі. Осыдан кейін оқиға орнына полицияның бірнеше көлігі келген. 


Бірақ кейбір пікір жазушылардың ойынша, бұл мектеп түлектерінің төбелесі емес. Өйткені видеодағы дүрліккен жұрт арасынан той көйлегін киген қалыңдықты көруге болады.  

Соңғы жаңалықтар